Жоба туралы
Қуаты 1 ГВт және 600 МВт·сағ энергия жинақтау жүйесі бар «Мирный» ЖЭС — Жамбыл облысында жүзеге асырылып жатқан жаңартылатын энергетика саласындағы Қазақстандағы ең ірі жоба.

Жоба операторы — «Актас Энерджи» ЖШС.
«Мирный» ЖЭС Жамбыл облысындағы Мирный ауылынан 30 км жерде орналасқан.
Елдегі ең қуатты жерүсті жел генераторлары
«Мирный» ЖЭС-інде қуаты 6,5-тен 7,7 МВт-қа дейінгі 150 жерүсті жел генераторы орнатылады.

Жел генераторларын жеткізуші ретінде Envision Energy және SANY Renewable Energy компаниялары белгіленді. Бұл екі компания да — жаңартылатын энергетика саласына қажетті жабдықтар өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына жатады.
Миллионнан астам қазақстандық отбасы үшін таза энергия
«Мирный» ЖЭС жыл сайын 4 млрд кВт·сағ-қа дейін электр энергиясын өндіретін болады. Бұл көлем миллионнан астам қазақстандық үй шаруашылығын таза энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Saft компаниясының қуаты 600 МВт·сағ болатын еліміздегі алғашқы энергия жинақтау жүйесімен бірге, «Мирный» станциясы Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы электр энергиясының өсіп бара жатқан тапшылығын теңгеруге көмектеседі.
Декарбонизацияға қосылған елеулі үлес
Ұқсас көлемде электр энергиясын өндіретін дәстүрлі қуат көздеріне қарағанда, «Мирный» ЖЭС жылына 3 миллион тоннадан астам СО2 шығарындыларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Осылайша, «Мирный» Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне қомақты үлес қоса отырып, жаңартылатын энергетиканың аса маңызды нысанына айналады.
3 миллион тонна CO2-ні тиімді сіңіру үшін 2000 км²-ден астам орман алқабы қажет болар еді. Бұл Алматы қаласының аумағынан шамамен 2,5 есе үлкен.
Маңызды инфрақұрылымды жаңарту
«Мирный» ұлттық энергетикалық желіге біріктіріледі. Өндірілген электр энергиясын «KEGOC» АҚ ұлттық операторы бүкіл ел бойынша тарататын болады.

«Мирный» ЖЭС-ін ұлттық желіге қауіпсіз әрі тұрақты қосу үшін Жамбыл облысының Шу қаласындағы және Алматы облысының Үлкен ауылындағы 500 кВ-тық қосалқы станцияларды кеңейту қажет болады.

Жаңартудан кейін қосалқы станциялар «KEGOC» АҚ теңгеріміне беріледі.
Кері байланыс нысаны
МИРНЫЙ
«Актас Энерджи» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Астана қ.
010000, Қабанбай Батыр даңғылы 15а
БЦ "Q", А блок, 7-і қабат
Made on
Tilda