Экологиялық және әлеуметтік құжаттаманы жария түрде ашу туралы хабарландыру
Жоба: Энергия жинақтау жүйесі бар «Мирный» ЖЭС

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы

Ақпаратты ашу мақсаты
Хабарландыру және ілеспе құжаттама жобаны одан әрі қаржыландыру мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарының рәсімдері мен Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы, соның ішінде жұртшылықтың қатысуы туралы Орхус принциптері шеңберінде жарияланады.

Жобаның сипаттамасы
Жоба белгіленген қуаты 1 ГВт жел электр станциясын және қуаты 600 МВт·сағ энергия жинақтау жүйесін салуды және пайдалануға беруді көздейді. Болжамды жылдық өнім — 3,92 млрд кВт·сағ; күтілетін декарбонизациялық әсер — жылына 3 млн тоннадан астам CO₂. Жобаны «Ақтас Энерджи» ЖШС іске асыруда. Құрылыстың алдын ала басталуы — 2026 жылғы наурыз, пайдалануға беру — 2029 жылғы I тоқсан.

Құжаттардың толық пакетін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Жария қолжетімді пакеттің құрамы
Пакетке келесілер кіреді:
  • ESIA пакеті (Қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерді бағалау);
  • NTS (Техникалық емес түйіндеме);
  • ESMS (Экологиялық және әлеуметтік аспектілерді басқару жүйесі);
  • SEP (Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары);
  • BMP (Биоалуантүрлілікті басқару жоспары);
  • ATMF (Жел генераторларын операциялық басқару құрылымы);
  • LARF (Жерді алу және қоныс аудару тұжырымдамасы).
Ақпаратты ашу мерзімі және ұсыныстарды/сұрақтарды қабылдау Жария түрде ашу кезеңі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 60 күн.

Құжаттар тілі: орыс, қазақ (қажет болған жағдайда — ағылшын).

Пікірлер мен сұрақтарды (кері байланыс) жіберу тәсілдері:

Компания сайтындағы кері байланыс нысаны: www.mirny.kz

Электрондық пошта: grievance.mirny@totalenergies.com (хаттың тақырыбында «Мирный ЖЭС — ESIA бойынша түсініктеме» деп көрсету қажет)

Келесі мекенжайлар бойынша орналасқан пікірлер мен кері байланыс қабылдау жәшіктері:
  • Алматы облысы, Үлкен ауылы, 1-мөлтек ауданы, 2-үй;
  • Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Карбышев көшесі, 2-үй;
  • Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мирный ауылы, Абылай хан көшесі, 7-үй;
  • Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 147 үй
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманның телефоны: +7 701 027 34 29

Барлық өтініштер түсініктемелер тізілімінде тіркеледі; жазбаша жауаптар алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі. Ақпаратты ашу кезеңі аяқталғаннан кейін қоғамдық консультациялар туралы есеп, соның ішінде «сұрақ-жауап» кестесі мен қабылданған шаралар тізбесі жарияланады.

Жоба бойынша байланыс мәліметтері

Жоба операторы: «Ақтас Энерджи» ЖШС
Байланыс үшін e-mail: grievance.mirny@totalenergies.com
Компания сайты: www.mirny.kz
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің сайты: www.ebrd.com
Кері байланыс нысаны
МИРНЫЙ
«Актас Энерджи» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Астана қ.
010000, Қабанбай Батыр даңғылы 15а
БЦ "Q", А блок, 7-і қабат